СҚО-да зұлмат жылдары болған лагерьдің орнына ескерткіш тас қойылды
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында саяси қуғын-сүргін жылдары жұмыс істеген лагерьдің орнына ескеркіш тас орнатылды.
Өңірде «халық жауы» атанған байларды қамауға арналған төрт уақытша шоғырландыру лагері жұмыс істеген. Солардың бірі 1929 және 1934 жылдары қазіргі Тимирязев ауданы Жарқын ауылының маңында орналасты. Аталған лагерьде шамамен 250 адам қамалған. Олардың көбі ауру мен аштықтан қайтыс болып, жақын маңдағы орға көмілген. Концентрациялық лагерь «Бай қала» деп аталып кеткен. Орнатылған гранит тас Есіл өзенінің бойынан алынған. Салмағы 9 тонна.
Дәстен Баймұқанов, облыстық Тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері:
Мына ағаштың ар жағында «Байжатақ» зираты дейтін үлкен зират бар. Онда өлген кісілердің көбі сол жерге қойылған. Басында белгі бар. Біздің есептеуіміз бойынша 250-ден астам адам өткен екен. Олардың барлығы кейбіреуі Ақтөбеге, кейбіреуі Көкаралға, кейбіреуі Магадан, Сахалин, Карелияға жер аударылған.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16