Шымкентте балаларды соққыға жыққан тәрбиеші қамауға алынды
Шымкентте балабақша қызметкері балаларды теуіп, сызғышпен аяусыз ұрып соққан. Жаға ұстатарлық жағдай «Ай көркем» деп аталатын жекеменшік балабақшада болған. Бүлдіршіндердің бірінің ата-анасы баласының денесі күнделікті көгеріп, ісіп келетінін айтып шағымданады. Сол себепті балабақшадағы бейнебақылау камерасының жазбаларын қарауға тура келген.
Бейнежазбада тәрбиеші балаларды екі сағат бойына тынымсыз ұрып-соққаны айқын көрінеді. Ол бүлдіршіндерді теуіп қана қоймай, қолынан сүйреп, қалың дәптермен ұрғылаған. Мінезі дүлей қызметкердің ашуы басылған соң жайбарақат телефон шұқылап отырғаны да бейнетаспаға түсіп қалған. Осы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Балабақша қызметкері уақытша ұстау абақтысына жабылды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16