Тараз жастары қаланы күл-қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жастар орталығының» 50-ден аса еріктісі көп қабатты үйлер маңындағы шіріген шөпті шапты. Арық, атыздағы тұрмыстық қалдықтарды жинады. Экологиялық шара Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов пен Байзақ ауданында да жалғасты. Жалпы, жыл басынан бері өңірде 800 шақырымнан асатын канал мен арық жүйесі қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ 80 мыңға тарта тұрғын үй ауласы мен 3 мың шақырым көше бойына көрік бітті. Ал көктемнен бері ағаш егу бойынша 290 мың түп дарақ отырғызылды.
Медеу Мырзатай, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары:
Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 8 мәрте өтті және 7 экотурнир өткізілді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бұл тек қана айналаны тазалау ғана емес, ол қоғамдағы экологиялық мәдениетті көтеру.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Су үнемдеу технологияларына субсидия көлемі артты
30.10.2026, 13:15
7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды
30.10.2026, 13:13
Конституция елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңартты
30.10.2026, 13:10
Сарапшы: Жолдау мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады
30.10.2026, 13:07
Жол инфрақұрылымын дамыту – ел дамуының кепілі
30.10.2026, 13:05
Заңгерлер Жолдауды талқылады
30.10.2026, 13:03
Жаппай улану: Ішек таяқшасы мен стафилококк анықталған
30.10.2026, 13:02
Жер қойнауын пайдаланушылар ₸1,2 млрд салық төлемеген
30.10.2026, 13:00