Талдықорғанда Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот үкімі шықты. Айта кетсек, былтыр қазанның 3-інен 4-іне қараған түні Алматы облысы Талғар ауданында кісі қолынан 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапты.
Оған күдікті ретінде 9 сотталушыдан жауап алынды. Іс Талдықорған қалалық сотында қаралды. Жасөпірімнің өліміне басты кінәлі деп Абзал Шынасыл танылып, сот үкімімен 23 жылға бас бостағынан айырылды. Ал Равиль Сакиев «Адам өлтіруге оқталу» фактісі бойынша 20 жылға, бұзақылық бабымен Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға сотталды.
Сондай-ақ Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметті 7 жылға орташа қауіпсіздіктегі мекемеде жазасын өтеуге үкім кесілді. Кәмелетке толмаған жасөспірімге марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов кешірім беретінін айтқан. Оған аса ауыр қылмысты хабарламады деген айып тағылып, 1 жыл 6 ай мерзімге кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемесіне жіберілді.
Дамир Нұрмұхамет
