Көне ағашқа алғашқы ақпараттық тақтайша ілінді
Қоршаған ортаны қорғау күніне орай жер-жерде экологиялық шаралар басталды. Қазір Алматы мен Қызылордадағы әріптестерім бізбен тікелей байланыста. Ол қандай тың жоба? Бастаманың ерекшелігі неде?
Жазира Оразқызы, тілші:
Мен дәл қазір Алматыдағы ең көне ағаштардың бірінің қасында тұрмын. Бұл жерге алғашқы ақпараттық тақтайща ілініп жатыр. Тақтайшаның өзі жәй емес, өңделген пластиктен жасалған. Бұл – Еуропа елдерінде кеңінен қолданылатын озық тәжірибе дейді мамандар. Осылайша тамыры тереңге жайылған ескі ағаштар экскурсия нысанына айналып, түрі аңызға арқау болады дейді ұйывмдастырушылар. Сондай-ақ шарада пластиктен жасалған ерекше шахмат фигуралары көпшілікке ұсынылды. Бұған қоса, ұялы телефонға арналған Қазақстан туының түсіндегі тіреулер де таныстырылды. Бұл – Мемлекеттік рәміздер күнімен тұспа-тұс келген әсерлі сәт екені анық. Табиғатты аялауға үндейтін бұл игі қадамдар – қайта өңделген қалдықты кәдеге жаратып, жас ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі іс болмақ.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17