Алматыда газ жарылып, бір адам қаза тапты
Алматыда тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, бір адам қаза тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Биянху көшесіндегі үйдің бөлшектерін аршу кезінде 1949 жылы туған адамның мәйіті табылған. Жарылыс түс кезінде болған. Оқиғаның нақты себебін анықтау үшін жедел штаб құрылып, апат орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.
Дәулет Бекмұхаметов, қалалық ТЖД басқармасының бас маманы:
Оқиға орнына келген кезде алдын ала ақпарат бойынша газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан 1980 жылы салынған жеке тұрғын үй конструкциялардың қирауы анықталды. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайы жедел-тергеу тобымен анықталуда.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58