Шымкентте 16 мың оқушы «Жайлы мектепте» білім алған
Шымкент қаласының 16 мыңнан астам оқушысы өткен оқу жылында жайлы мектептерде білім алды. Мегаполисте жоспарланған осындай замануи 18 білім ұясының 11-нің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Бұл мектептердің барлығы оқу-әдістемелік құралдармен және түрлі зертханалармен жабдықталған. Ең басты балалардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға толық жағдай бар. Мектептерде оннан астам үйірмелер жұмыс істейді. Оның ішінде ұлттық ойындарды дамытуға да ерекше көңіл бөлінген. Былтыр жаңадан іске қосылған жайлы мектептердің арқасында қаладағы үш ауысымды мектептер қалыпты оқу жүйесіне көшті.
Мира Сүлейменова, мектеп директоры:
Оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастыруға толық жағдай жасалған. Бұл жерде балалар сапалы білім алып қана қоймай, өздерінің қызығушылығы бойынша барлық үйірмелерге қатысып жатыр. Оқушылардың талантын шыңдау мақсатында өнер, пән үйірмелері және хореография үйірмелері жұміс істейді.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16