Шерзат ісі: Н.Ғайыпбаевқа қатысты сот медициналық сараптамасы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Шерзат ісі: Н.Ғайыпбаевқа қатысты сот медициналық сараптамасы жарияланды

Шерзат ісі: Н.Ғайыпбаевқа қатысты сот медициналық сараптамасы жарияланды

Талдықорғанда Шерзат ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін марқұмның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевқа қатысты сот медициналық сараптамасы жарияланды. Бұл жолы да Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовпен оның туыстары процеске қатыспады. Ал сарапшы Өмірбек Жолымбетов төбелес кезінде Ғайыпбаевқа келтірілген жарақаттарды тізіп берді.

Оның айтуынша, көздің көгеріп, қанталауы, желкедегі ісік, бел тұсында сырылған жарақаттар анықталған. Сондай-ақ бас миының шайқалуына байланысты клиникалық диагноз қойылған. Ал жамбас тұсында өткір затпен кесілген 3 бірдей жарақаттың ізін сарапшы бұл денсаулыққа келтірілген жеңіл жарақат деп бағалады. Бұған дейін сотталушы Абзал Шынасыл жауап алу кезінде Нұрғанат Ғайыпбаеқа 3 рет пышақ сұққанын мойындаған болатын. 

Дамир Нұрмұхамет

Бөлісу