Шымкент саябағындағы заңсыз нысандар бұзылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент саябағындағы заңсыз нысандар бұзылды

27.05.2025

Шымкент қаласы әкімдігі бүгін «Қиял әлемі» саябағындағы кәсіпкерлік нысандары мен атракциондарды бұзуға кірісті.

Сот орындаушыларының айтуынша, саябақты жалға алған кәсіпкер бұл жерге ойын-сауық алаңдарын заңсыз жасақтап, содан пайда тауып келген. Заң органдары осындай 9 күрделі құрылыс нысанын өз есебінен бұзу туралы иелеріне осыдан бірнеше ай бұрын хабарлама берген. Олар талапты орындамағандықтан мәжбүрлі түрде қиратуға тура келген. Жалпы саябақ аумағында бірнеше жыл бойы 30-дан астам кәсіпкерлік нысаны жұмыс істеді. Енді қалаған ойын-сауық алаңдарының жұмысы тоқтатылады. Бұзылуы тиіс аумақтың жалпы көлемі 4 гектарға жуық. Оның орнына тұрғындар жай ғана серуендеп, тынығатын демалыс орны жасақталмақ. Жалпы саябақтағы аттрациондардың қауіпсіздігіне қатысты шағым көп. Осыдан үш жыл бұрын осында жүрегі сыр беріп, қайтыс болған ер адамға жедел көмек көрсететін алғашқы медициналық қызмет орталық та болмай шықты.

Мерлан Керімжанов, қалалық Орта сапасын бақылау басқармасының басшысы:

Бағалау жүргізілмейді. Бұл жерде мемлекет жерін заңсыз пайдаланып отыр деген шешім шыққан. 2025 жылдың наурыз айында алғашқы ескерту беріліп, тиісті жерге шығару жайында жер телімі берілген. Оған келіспеген кәсіпкерлер қазіргі таңдай осындай жағдайға душар болып отыр.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу