Петропавл емханалары балаларға ашық есік күнін ұйымдастырды
Петропавл қаласында балалар үшін емханаларда ашық есік күні ұйымдастырылды. Дәрігерлер емдеу мекемесіне келген жеткіншектерді қарсы алып, түрлі сыйлықтар тарту етті. Бірінші қалалық емхана 55 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Оның 17 мыңнан астамы бала. Осы жолы терапевт, хирург, стоматолог, онколог, гематолог сынды мамандар дәрігерге алдын ала жазылмай келген жеткіншектерді қабылдап, ақыл-кеңес берді. Мамандардың айтуынша, акцияның басты мақсаты – түрлі ауруларды ерте анықтап, дер кезінде емдеу. Мұндай шаралар болашақта да өтеді.
Оксана Маркова, қала тұрғыны:
Біз екпе алуға келген едік. Ашық есік күні болып жатқанын білдім. Акцияға міндетті түрде қатысамыз. Қызым жасқа толды. Бүгін сыйлық алып, қуанып қалдық.
Айнұр Әбіл, балалар емханасының меңгерушісі:
Ананың денсаулығы арқылы біз болашақта баланың денсаулығына көп мән береміз. Оларды нығайтуға тырысамыз. Бұл емханада тек балалар бөлімі болса, біздің келесі филиалымызда акушерлік-гинекология филиалы бар. Отбасы жоспарлау кабинеті жұмыс атқарады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16