Шымкентте қаржы пирамидасынан 4 мыңнан астам азамат зардап шеккен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қаржы пирамидасынан 4 мыңнан астам азамат зардап шеккен

22.05.2025

Шымкентте биыл қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар қатары өсіп отыр. Құқық қорғау органдары жыл басынан бері осындай 8 топтың ісін әшкере еткен. Былтыр мұндай қылмыстық іс небәрі төртеу ғана болған. Алаяқтық жолмен оңай олжаға кенелгісі келген 14 азаматтың 13-і бас бостандығынан айырылды. Ал биыл 8 істің үшеуі сотқа жолданып, қалғаны әлі тергеліп жатыр. Соттың шешімі шыққан 3 оқиға бойынша 50-ге жуық салымшы зардап шеккен. Олар қылмыстық топтардың арбауына түсіп, 58 млн теңге ақшасын өзгелерге сеніп тапсырған. Биыл әшкере болған істердің ішіндегі ең күрделісі де ауқымдысы - «Нәзира голд» қаржылық пирамидасы. Ол соңғы екі жылдың ішінде 4 мыңнан астам адамды салымшы етіп, қаржыларын пайдаланып келген. Оларға ай сайын ақшаларының үстінен 41 пайыз табыс береміз деп сендірген. Бүгінгі таңда пирамиданы ұйымдастырушымен бірге 5 сыбайласы қамауға алынды.

Алмас Манатұлы, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары:

«Нәзира голдқа» келетін болсақ, қазір 1,5 млрд теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды. Соттың шешімімен ол заттар сатылып, залал шеккен салымшыларға қайтарылады.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу