Биыл тәуелсіздіктің төл басылымы «Ana tili» газетіне 35 жыл. Осыған орай Алматыда «Егемендік пен елдіктің еңселі мінбері» атты дөңгелек үстел өтті. Жиында басылымның ұлт руханиятындағы рөлі бағамдалып, ақпараттық-рухани күрестегі орны мен болашақ бағыты айқындалды. Сөз сөйлегендер газеттің мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге, ұлттық сананы жаңғыртуға үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Республикалық «Ana tili» газетінің алғашқы саны 1990 жылы 22 наурызда жарық көрген. Шарада 1990-1997 жылдары жарық көрген таңдамалы мақалалар басылған кітаптың тұсаукесері өтті. Сонымен қатар газеттің алғашқы кездерінен бастап бүгінге дейінгі маңызды сәттерді бейнелейтін фотосуреттерді қайтадан жаңғыртып, қайта ұсынылды.
Ерлан Жүніс, «Ana tili» газетінің бас редакторы:
Қазақтың төл шежіресі болсын, аты-жөнімізді біріздендіру, мысалы, уақытында Әбдуәли Қайдар, Рабиға Сыздықовалар, Мекемтас Мырзахметұлы секілді тіл қайраткерлері көтерген мәселелер кейін жемісін берді. Кейінгі ұрпақ аты-жөнін қазақша жаза бастадық. Яғни, «ов»-тан, «ев»-тен, басқа да өзге тілдегі жұрнақтардан құтылып жатырмыз.
Қуан Нұрақын
