Республикалық маңызы бар «Петропавл-Қорған» тасжолының құрылысы 8 жылдан бері аяқталмай келеді. Күрделі жөндеу 2017 жылы басталды. Содан бері небәрі 15 шақырым асфальт төселген. Жоспар бойынша 30 шақырым жол жаңалануы керек. Екі мемлекетті жалғап тұрған трассамен күніне орта есеппен 3 мыңнан астам көлік қатынайды. Дені – тауар тасымалдайтын ауыр техника. Жүргізушілердің айтуынша, жаңбырлы күндері 10 шақырым жерді еңсеруге бірнеше сағат уақыт кетеді.
Константин Новоселов, көлік жүргізушісі:
Жаңбырда жүк көліктері батып қалады, дөңгелектері жұлынады. 3 апта бұрын ғана осындай оқиға болып, жол жабылып қалды. Жағдай реттелгенше сағаттап күтіп тұрдық. Осы жолмен жүргеніме 30 жылдан асты. Ештеңе өзгермейді.
Жол құрылысын созбаққа салған мердігермен келісімшарт үзіліп, іс сотта қаралды. Тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» мекемесі өкілдерінің айтуынша, 8 жылда құрылыс материалдарының бағасы өзгергендіктен жоба түзетуге жіберілген.
Андрей Червонюк, «Қазавтожол» ҰК» АҚ СҚОФ директорының орынбасары:
2023 жылдың қаңтар айында басқа мердігермен келісім жасалды. Қазір олар тиісті жұмысты атқарып жатыр. Республика қазынасынан қаржы уақытында түссе, жөндеу жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.
Эльмира Кәленова
