СҚО-да оқушыдан туберкулездің ашық формасы анықталды
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы Новоишимка ауылдық мектебінде 6-сынып оқушысынан туберкулездің ашық формасы анықталды. Мамандардың айтуынша ол 3 жыл бұрын да ауырып, толықтай емделіп шыққан. Науқастың мыңнан астам адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы медициналық тексерістен өтіп жатыр. Білім беру процесі штаттық режимде жалғасуда. Білім ошағында 900-ден аса бала оқып жүр. 3 мың шаршы метр ғимарат дезинфекцияланды. Облыста жыл басынан бері туберкулезге шалдыққан 2 оқушы тіркелді.
Айнагүл Сұрағанова, облыстық білім басқармасының басшысы:
Бүгінгі күні барлық эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары жасалып жатыр. Бүгінгі күні барлық барлық мұғалімдер, оқушылар, техникалық персонал санэпидемологиялық тарапынан тексерістен өтіп жатыр.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16