Шерзат ісі: Ағайынды Тоқтаубаевтардан жауап алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шерзат ісі: Ағайынды Тоқтаубаевтардан жауап алынды

15.05.2025

Талдықорғанда Шерзаттың өлімне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов пен оның отбасы бұл жолы да процеске қатыспады. Бүгін ағайынды Нұрбол мен Азамат Тоқтаубаевтардан жауап алынды. Нұрбол Тоқтаубаев алдын ала тергеу кезіндегі жауабында марқұм Шерзат Полатқа Абзал Шынасылдың пышақ сұққанын айтқан еді. Алайда бүгін берген жауабынан айныды. Себебін тергеушілер бізге қысым көрсетті, күш қолданды деп түсіндірген. Сотталушының адвокаты бұл мәселе бойынша құзырлы органға арызданған. Алда жауап келмеді деді. Сондай-ақ Нұрбол Тоқтаубаев, марқұмның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевқа екі рет соққы жасағанын мойындады.

Ал сотталушы Азамат Тоқтаубаев дүкен алдына барғанда марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовты көргенін және қолында пышақ болды деп мәлімдеді. Сол сәтте мылтықтың даусын естіп, көлік артына жасырынып қалған. Ал қаруды Ғайыпбаевтың қолынан көргенін айтты. Осылайша бүгін күні бойы екі сотталушыдан жауап алынды. Ертең сот процессі сағат 10-да қайта жалғасады.

Дамир Нұрмұхамет


Хабарламаларға жазылу