Шымкенттік ғалымдар баламалы энергия жобаларын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттік ғалымдар баламалы энергия жобаларын ұсынды

15.05.2025

Шымкенттік ғалымдар баламалы энергия көздерін дамытуға байланысты екі бірдей жоба ұсынды. Оның бірі – күннің шуағы мол өңірлерге қуат өндіретін станциялар орнату арқылы гибридті энергияны пайдалану. Ал екіншісі – желден энергия өндіру. Екі жобаға байланысты зерттеу мақалалары ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазір ғалымдар аймақтардағы күннің ұзақтығы мен қуат алу мүмкіндігін зерттеуде. Бұл жұмыс аяқталғаннан соң мәліметтер геоақпараттық картаға түсіріліп, жобаны модельдеу ісі жүргізіледі. Екі жоба да салалық министрліктің қарауына жіберілген. Егер бекітілсе, алдағы үш жылда жүзеге аспақ. Жалпы баламалы энергия көздерін дамыту «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізі бағыттарының бірі.

Нұрсұлтан Файыз, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті:

Электр стансалары жаңадан салынған соң электр энергетикасының сапа көрсеткішін арттыруға, одан бөлек энергетика түйіндерінің санын арттыруға мүмкіндік береді, энергетика тұрғысынан алып қарағанда. Ал экологиялы тұрғыдан қоршаған ортаға түсетін жүктеме 25-30 пайызға дейін азаяды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу