Шерзат ісі: Бейнежазбалар жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шерзат ісі: Бейнежазбалар жарияланды

15.05.2025

Талдықорғанда Шерзаттың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов пен оның отбасы бұл жолы да процеске қатыспады. Судья Ержан Жанұзақов БАҚ өкілдеріне және қос тараптың адвокаттарына ескерту жасап, үкім шыққанға дейін делелсіз ақпарат таратпауды сұрады. Бүгінгі отырыста «Қамажай» дүкенінің ішіндегі бақылау камерасының жазбалары көрсетілді. Онда сотталушылардың іс әрекеті таспаға түскен. Сондай ақ көрші үйлердің бірінің балконынан телефонға түсірілген бейнежазба да жарияланды. Онда сотталушы Шыңғыс Белғожаев, Абзал Шынасыл және Нұрқияс Ілиясов пен Равиль Сакиевтің Нұрғанат Ғайыпбаевқа жабылып соққы жасағаны көрсетілген. Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиев сол уақытта Ғайыпбаевқа пышақ жарақатын келтірген. Алайда сотталушылардың адвокаттары оны жоққа шығарып, нақты дәлелсіз әрекеттерге баға бермеуін сұрады. Ал Дархан Әскентай оларды ажыратуға тырысқанын айтып, Абзал Шынасыл маған да соққы жасады деп мәлімдеді. Сот отырысында әрі қарай Дархан Әскентай оқиғаны баяндады. Соған сай сот сараптамасының қорытындысы жасалады. 

Дамир Нұрмұхамет

Хабарламаларға жазылу