АҚШ президентінің Таяу Шығысқа ресми сапары аясында Қатар мен Америка Құрама Штаттары жалпы құны 1,2 триллион доллардан асатын экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойды. Бұл туралы америкалық тарап хабарлады. Келісімдер аясында Qatar Airways компаниясы 200 миллиард доллардан астам сомаға 160 «Боинг» ұшағына тапсырыс берген. Сонымен қоса, ұшқышсыз аппараттар да сатып алмақ.
Қатар әмірі келіссөздердің мазмұнды өткенін атап өтіп, АҚШ президентін «әлемнің адамы» деп атады. Өз кезегінде Дональд Трамп кездесуде Ресей, Украина, Иран сынды елдермен байланысты бірқатар халықаралық мәселелердің көтерілгенін айтты.
Айта кетейік, Трамп бұл сапар алдында Парсы шығанағындағы бай мемлекеттерден АҚШ-қа инвестиция тарту – негізгі мақсаттарының бірі екенін мәлімдеген болатын.
Арай Төлегенқызы
