Елімізде 5 өңірде сауда көлемі артқан. Көш басындағы Алматыда сауда көлемі 7 трлн теңгеге жуықтаған. Ал Түркістан облысы жеміс-көкөніс саудасымен бірінші орында тұр. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, биыл төрт айда жалпы ішкі өнімнің 16 пайыздан астамы сауданың үлесінде.
Жеміс пен көкөніс өсіруден Түркістан облысының көш басында болуы орынды. Себебі, жылыжайлардың 80 пайызға жуығы осы өңірде. Шаруалар банан, лимон, құрманың да бабын тауып, жақсы өнім алып жатыр.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл төрт айда жалпы ішкі өнім 6 пайызға өскен. Оның ішінде сауданың үлесі 7 пайыз. Өңірлік өсім Түркістан, Ақмола облыстарымен Шымкент қаласында. Түркістан жеміс, жидек, көкөнісімен, Ақмола астық өнімімен, Шымкент фармацевтикалық тауарлармен сауданың өсіміне оң серпін беруде.
Мәселен, Көкшетаудағы мына серіктестік өңірдегі ірі элеватордардың бірі. Бидайдың қатты сұрыптарын өңдеумен айналысатын еліміздегі үшінші кәсіпорын. Құрылғанына 22 жыл. Кәсіпорын арқылы ұн және майлы дақылдар экспортталады.
Сергей Белоусов, серіктестіктің бас инженері:
Өнім ТМД елдеріне, Италия, Литва, Эстония, Қытай, Қырғызстан, Әзербайжан сынды елдерге экспортталады. Былтыр 169 мың тоннадан астам астық жиналды. Элеваторда 180 адам жұмыс істейді.
Жалпы, сауда саласының дамуына 5 өңір айтарлықтай үлесін қосып отыр. Ол Алматы 6,9 трлн теңге, Астана 2,8 трлн теңге , Атырау 2,8 трлн теңге, Қарағанды 1,2 трлн теңге, Шымкент 0,8 трлн теңге. Сауда көлемінің 73 пайызға жуығы 72,5 осы 5 өңірге тиесілі.
Айдар Әбілдабеков, ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы:
Алматыда көтерме саудамен айналысатын мекемелер көп орналасқан. Олар жалпы Қазақстанға сауда қылады. Оның ішінде фармацевтика өнімдерін жақсы сауда істеп отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда. Жалпы мінетін жеңіл көліктердің көп сатылымдары жүріп жатыр. ЖІӨ ішінде сауданың үлесі бірінші тоқсанда 16,5 пайызды құрады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, негізгі өсім көлік, құрылыс, сауда, байланыс және ауыл шаруашылығында байқалады.
Самал Қабышева
