Түркістанда «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы өтті
Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында 25 қазан – Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік іс-шарада аймақ басшысы Нұралхан Көшеров жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, өңірдің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан бір топ азаматты марапаттады. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, мәдениет және бизнес өкілдері, бақташылар мен машинистер бар. Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты. Облыс өнерпаздары көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мың бұралған бишілер өнерімен тәнті етті. Отаншылдық рухтағы әндер шырқалып, ел бірлігі ұлықталды.
Мекенбай Атабайұлы, Еңбек ардагері:
Кауын-қарбыз, жоңышқа, жүгері, бидай, соларды өсірдік. Бәрінен жақсы өнім алдық. Аленді біздің еңбекті бағалап, осындай азамат екен деген облыс әкіміне рахметімді айтамын.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00