Н.Ахмедова Әлем чемпионатында қола медаль еншіледі
Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан таеквондодан Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Тарихи медальді 49 келіде ел намысын қорғаған Нодира Ахмедова жеңіп алды. Толығырақ әріптесім тарқатып айтады.
Әсем Таңатар, тілші:
Араға тура 18 жыл салып тағы да дәл осы Қытай жерінде таеквондодан Әлем чемпионатының әйелдер арасындағы бәсекесінде жүлде еншіледік. Бұл тарихи нәтижені елімізге Республика күнінде Нодира Ахмедова сыйлады.
49 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін отандасымыз Нодира Ахмедова әлем чемпионатының қоласына қол жеткізу жолында төрт кездесу өткізіп, оның үшеуінде сенімді жеңіске қол жеткізді. Отандасымыз жартылай финалға дейінн Бразилия, Канада мен Таиланд спортшыларын жеңді. Ал финал үшін талас болған кездесуде Қытайлық Тайпей өкілі Ю Юн Люге есе жіберіп, қолаға қанағат қылды. Соңғы рет қыздарымыз таеквондодан әлем чемпионаты жүлдегерлерінің қатарында 2007 жылы Бейжіңде өткен біріншілікте көрінген.
Есбол Сұлтанов, Таеквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
Бүгінгі жарыс күнінде, сондай-ақ Самирхон Абабакиров ел намысын қорғады. 63 келі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтинг көшбасшысы ширек финалға дейін қарсылас шақ келтірмеген. Жартылай финал үшін талас болған кездесуде отандасымыз Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, өзіне жақсы таныс Тунис өкілі Джендоуби Мохамед Халилмен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша, Самирхон үшін Әлем чемпионаты ширек финалда аяқталды.
Есбол Сұлтанов, Таеквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
Уси қаласы қабылдап жатқан жылдың басты бәсекесінде әлемнің 180-ге жуық елінен келген 991 таеквондошы бақ сынап жатыр. Дүбірлі доданың алғашқы күнінде ұлттық құрамамыз сапынан Бейбарыс Қаблан мен Мария Севостьянова өнер көрсетті. Бейбарыс ширек финалда сүрінсе, Мария үшінші айналымда әлем чемпионатымен қоштасқан. Усидегі жаһан біріншілігі 30 қазанда мәресіне жетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы