Тараз халқы тегін заң кеңесін алды
Таразда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері тұрғындарға тегін кеңес беру акциясын өткізді. Қала базарларының бірінде өткен консультациялық көмек көрсету аясында 20-ға жуық тұрғын сұрақтарына жауап алды.
Оларға «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру бойынша 10-нан астам мекеме мамандары қызмет көрсетті. Сондай-ақ қалалықтарға құқықтық көмек көрсетуге заңгер, адвокат, нотариус, сот орындаушылар мен азаматтық қоғам өкілдері де қатысты. Әсіресе әулиеаталықтардың басым бөлігі тұрғын үй, жер кезегіне тұру бойынша сұрақтар қойды. Жалпы бүгінде Таразда 23 мыңнан астам адам үй, 77 мың тұрғын жер кезегінде тұр. Ал жастар жағы жұмысқа тұрудың тиімді жолдарын сұрады.
Жанел Шахабалина, қала тұрғыны:
Мен жастарға қандай мүмкіндіктер бар деп сұрадым. Осы жақта «Мансап орталығының» маманы отыр екен. «Жастар практикасы» деген бағдарлама бар екен. 12 ай, бір жыл жұмыс істеп тұрақты жұмыс орнына тұра алады екен. Енді менің ойымша, бұл керемет мүмкіндік.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Отандық ұшқышсыз жүйелер мен кешендер «Спасск» полигонында сынақтан өтті
23.07.2026, 17:19
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15