Қуаныш Сұлтановты «Отан» орденімен наградтау туралы Президент жарлығы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуаныш Сұлтановты «Отан» орденімен наградтау туралы Президент жарлығы шықты

12.05.2025

Бүгін Қуаныш Сұлтановты «Отан» орденімен наградтау туралы Президент жарлығы шықты. 80-ге толған мемлекет және қоғам қайраткері тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Ақпарат министрі болды. Ол ұлттық мүддені қорғауға және халықаралық аренада еліміздің имиджін көтеруге үлкен үлес қосты. Содан бері талай жауапты қызмет атқарды. Премьер-Министрдің орынбасары, кейін бірнеше шет мемлекеттерде елшілік қызмет атқарды. Әсіресе, Қытайдағы елшілік жұмысы жемісті болды.

Қуаныш Сұлтанов, мемлекет және қоғам қайраткері:

Ешкімнің ала жібін аттамау керек, ешкімге есеңді жібермеу керек. Ешкімге қиянат жасама, өзіңе де қиянат жасатпа. Кейде бір нәрседен, бір сөзден адам ұтылуы мүмкін. Өмір - күрес, өмір - айқас. Өзіңнің адалдығыңды дәлелдейтін кездер көп болды.

Қуаныш Сұлтанов 4 рет Мәжіліс, 1 рет Сенат депутаты болды. Заң шығару ісіне белсенді араласып, бірқатар маңызды әлеуметтік және мемлекеттік құжаттың қабылдануына атсалысты. Ол тек саясаткер емес, ұлттық идеяны көтерген қаламгер. Оның «Ұлт және ұрпақ», «Адасқандар аман болсын», «Жарық дүние» секілді еңбектері — қоғамдық ойды қозғаған, ұлттық рухты оятқан шығармалары бар.

Ернұр  Медет

Хабарламаларға жазылу