«Ұлы дала жорығы»: Үшінші кезең
Алматы облысында өтіп жатқан халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бүгін үшінші кезеңі. Шабандоздар 250 шақырымды артқа тастады. Дүбірлі додадан әріптесім Қуан Нұрақын тікелей байланысқа шығып, ақпарат таратуға дайын. Қуан, қанша команда жарыс жолынан шығып қалды?
Қуан Нұрақын, тілші:
Қайырлы күн, Дархан! Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысының командасы жеңімпаз атанды. Қырғызстанның бірінші командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы облысының командасы үштікті түйіндеді. 19 команданың 7-еуі дүбірлі доданы аяқтады. Атап айтсақ, Татарстан, Мажарстан, Иран, Оңтүстік Африка, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды және Батыс Қазақстан облысының командалары жарыс жолынан шығып қалды. Қазір шабандоздар 250 шақырымды жүріп өтіп, бүгін Жамбыл ауданына жетті. Кешке дейін тағы 50 шақырымды бағындыруы тиіс.
Жылбек Бәшекұлы, ақын, мәдениет саласының үздігі:
Қаншама елден, қаншама мемлекеттен тұлпарлар, сәйгүліктер келіп, шабандоздар келіп, үлкен өнерлерін көрсетіп жатыр. Құшағы кең, меймандос қазақ деген елміз. Сондықтан әрқашанда төріміз де, өріміз де жан-жақтан келген қандай шабандоз мықты-мықты жігітерді қарсы алып, күтіп алып, және де жолына салып шығарып салудың дәстүрін осы жерде көрсетіп отыр.
Қуан Нұрақын, тілші:
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған марафон-бәйгенің бүгін үшінші күні. Алда әлі 250 шақырым бар. Дүбірлі дода Балқаш, Жамбыл және Іле аудандарының аумағы арқылы өтіп, Қонаев қаласында аяқталады.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05