«Соғыс жесірі» деректі фильмі көрерменге ұсынылды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының алтын қоры тағы бір тың деректі фильммен толықты. «Соғыс жесірі» атты қысқа метражды кино туындыны «Qyzylorda» телеарнасы әзірлеп, үлкен экранда көрерменге ұсынылды.
Ұлы Отан соғысы баланы әкеден, әйелді ерінен айырып, қаншама отбасы қара жамылды. Деректі фильм майдан даласында қаза тапқан жауынгерлердің жастай жесір қалған жарларына арналған. Шаңырағын шайқалтпай, ақ жаулығына адал болған аналардың қилы кезеңдегі қиындығын кейіпкерлер өз аузымен баяндайды. Жоба авторы бейнет кешіп, ұрпағын жеткізген кейуананың жан-сыры арқылы зұлмат соғыста жесір қалған әйелдердің тағдырын көрсетуді көздеген.
Нұрбек Әмиша, «Qyzylorda» телеарнасының директоры, деректі фильм авторы:
Қазақстан бойынша 2 адам ғана екі көзі тірі, жесір қалғанын білдік. Соның бірін Таразға жақын ауылдан таптық. Әжеміздің әңгімесінің әсерінен сол заманның дәуірімен бетпе-бет келгендей, солардың алдында ұрпақтық парызымызды өтей алмадық па деген оймен қайттық. Соғыстағы әйел тақырыбын біз әлі де аша алмай жатырмыз. Соған кішкентай тамшыдай болса да, біздің қосқан үлесіміз деп ойлаймын.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда «Таза Қазақстан» аллеясы ашылды
22.04.2026, 17:35
Қарағанды облысындағы Нұра өзені жағасын тазалады
22.04.2026, 17:33
М.Шахановты Түркістан облысында ақтық сапарға шығарып салды
22.04.2026, 17:27
Қожа Ахмет Ясауи кесенесін реставрациялау жалғасады
22.04.2026, 17:25
Әл-Фараби мұрасы – жаһандану дәуіріндегі рухани бағдар
22.04.2026, 17:22
Жаңа Конституция дербестікті нығайта түсті
22.04.2026, 17:20
Ұлттық тауарлар каталогына 24 млн тауар енгізілді
22.04.2026, 17:17
Жол жиегін қоршауға ₸2 млрд бөлінді
22.04.2026, 17:15