Шерзат ісі: Сотталушы тергеу кезіндегі жауабынан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шерзат ісі: Сотталушы тергеу кезіндегі жауабынан бас тартты

06.05.2025

Шерзат ісіне қатысты сот бүгін де жалғасты. Сағат оннан кешкі алтыға дейін жалғасқан процесте сотталушы Дархан Әскентайдан жауап алынды. Оның сөзінше, дүкенге келген Нұрбол Тоқтаубаев екеуін Қаржаубай Нұрымов пышақпен қорқытып, балағаттаған. Ал оқиға орнына келген басқа да жігіттерді мен шақырмадым деген Дархан Әскентай сотқа дейінгі тергеу кезіндегі жауабынан бас тартатынын мәлімдеді. Оның себебін алғашқы жауап алу кезінде қысым көрсетілді деп түсіндірді. Сотталушының сөзіне қанағаттанбаған жәбірленуші тараптың адвокаты Мейрман Шекеев жауабының бір-бірімен қабыспайтынын айтты.

Мейірман Шекеев, жәбірленуші тараптың адвокаты:

Сіз жауабыңызды әртүрлі айтасыз. Шерзат мені бір рет ұрды дейсіз. Тағы бір жауабыңызда екі рет ұрды дейсіз. Тағы бір жауабыңызда үш рет ұрды дейсіз.

Дүкен сыртындағы бейнебақылау жазбасы жария етілді

Оқиғаның анығына көз жеткізу үшін «Қамажай» дүкенінің алдындағы бақылау камерасындағы бейне жазба көрсетілді. Онда оқиғаның қалай өрбігені, жанжалға қатысы барлардың іс-әрекеті таспаға түсіп қалған. Бұдан өзге де бейнежазбалар келесі сот отырысында жарияланатын болды. Келесі сот отырысы 15, 16 мамыр күндеріне белгіленді.

Дамир Нұрмұхамет

Хабарламаларға жазылу