Алматы облысында жарамсыз қоғамдық көліктер сатылымға шығарылды
Алматыда жарамсыз қоғамдық көліктер сатылымға шығарылды. Техникаларға жауапты «Алматыэлектротранс» мекемесі 573 дана қоғамдық көлік құралын бастапқы бағасы 90 миллион теңгеге аукционға қойған. Лот электрондық сауда сайтында 15 сәуірде жарияланған. Сауда бүгін өтуі тиіс еді. Алайда екі адам қызығушылық танытқанымен техникалық жағдайға байланысты аукцион өтпеді, дейді мекеме өкілі.
Нұрболат Мұсаев, «Алматыэлектротранс» ЖШС директорының орынбасары:
Бұлар ескі автобустар мен троллейбустар. Олар белгіленген тәртіппен пайдаланудан шығарылып, есептен шығарылған. Бұл көлік құралдары одан ары пайдалануға жарамсыз. Металл сынықтары болып саналады. Сол себепті олар осы күйде аукционға қойылған. Сату заңы бойынша жүргізіліп жатыр. Сатып алушы табылмайынша лоттар қайта аукционға шығарылып отырады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06