Бұл «ҚазАвтоЖолдың» ресми ақпараты болатын. Орташа жылдамдықты есептейтін ақылды жүйе іске қосылған өңірлердегі әріптестеріміз бізбен байланыста. Алдымен, Қызылорда облысын қосайық. Кеш жарық Әділбек, трассада жылдамдық бақылайтын қанша бейнекамера қойылған? Жүргізушілер тізгінді тартты ма?
Әділбек Серікұлы, тілші:
Біз қазір «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінде тұрмыз. Күре жолдың 811 шақырымы Қызылорда облысының аумағынан өтеді. Осы аралықта 14 дана жылдамдық анықтайтын стационарлық құрылғы орнатылған. Ал наурыз айының 20-нан бастап елдімекендердің аралығында «орташа жылдамдықты» есептейтін ақылды жүйе іске қосылды. Аз уақыттың ішінде 1500 құқық бұзушылық анықталып, жылдамдықты асыра жүйткіп жүретін жүргізушілер 22 миллион теңгеден астам айыппұл арқалаған. Ал жол көлік оқиғалары бойынша деректі дәл қазір Жол патрульдік полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұратбек Мирамбекұлынан сұрап білсек: көлік апаттары қанша пайызға азайды айтып өтсеңіз?
Мұнан бөлек, жол бойында жүргізушілердің жол ережесін қатаң сақтап, тәртіпке бағынуы үшін әуе арқылы бақылайтын дрондар іске қосылды. Және заманауи технологияларды қолдану арқылы тар жолда қарама-қарсы бағытқа шығатын көліктер де азайған.
Автожолдағы апат: адам шығыны азайды
Ал Жамбыл облысындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қандай шаралар қабылданып жатыр?
Данияр Әлімқұл, тілші:
Жамбылда жыл басталғалы 514 жол апаты тіркелген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 65 дерекке көп. Яғни, 14,5% өскен. Бірақ Полиция департаменті қаза болғандар саны азайды деп отыр. Айталық, былтыр 51 адамның тағдыры тас жолда үзілсе, биыл бұл көрсеткіш 7 адамға кеміген. Облыс бойынша жылдамдық өлшейтін 192 ақпараттық бағдарламалық кешен бар десек, оның 8-і жылдамдықты уақытпен өлшейді. Бірақ олар әзірге сынақ мерзімінде жұмыс істеп тұр. Жалпы биыл Жамбылда жол үстінде 71 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Ал аймақта апат жасау бойынша аты шулы Toyota Alphard көліктері транзиттік нөмірмен жолаушы тасымалдай алмайды. Былтыр Жамбыл полициясы жол апатын азайту мақсатында қатаң тиым салған болатын.
Әділбек Серікұлы
Данияр Әлімқұл
