Қазақстан Жазушылар одағы Жеңістің 80 жылдығына орай 80 кітап шығаруды қолға алды. Оған еліміздің әр өңіріндегі майдангер ақын-жазушылардың шығармалары жинақталады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстан Жазушылар одағының әдеби жыл қорытындысында айтылды. Қаламгерлердің сөзінше, бұл әдеби жинақтар ұлт тарихына, мәдениет пен руханиятқа деген зор құрметтің белгісі бомақ. Бұдан өзге жиында әдебиеттің жетістіктері мен кемшіліктері талқыланды. Шара аясында қаламгерлерге Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен Қазақстанның Құрметті жазушысы атағы табысталады. Балалар әдебиетін қолдауға бағытталған жаңадан бекітілген «Ертөстік» әдеби сыйлығының ережесі де осы басқосуда таныстырылды.
Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы:
Биылғы жыл қорытындысының ерекшелігі – әрбір жанрдың ішіндегі жаңалықтарды көрсету. Жаңадан жазылған жаңа шығармалардың деңгейін көрсету. Міне, ең басты мақсатымыз осы. Былтырдан бері жасалып жатқан үш стратегиялық әріптестік ретінде үш жобамыз бар. Сол ары қарай жалғасады.
Қуан Нұрақын
