Қаламгердің үзеңгілестері, әдебиеттегі аға-інілері мен артындағы ұрпағы оның өмірі мен мұраға қалдырған шығармалары жайлы әңгімеледі. Кеште жазушы жайлы замандастарының естеліктері топтастырылған «Аспантаудың ақиығы» атты кітап таныстырылды. Баққожа Мұқайдың қай шығармасы да, қоғамның шындығы мен түйткілді мәселелерін қозғайды. Қаламгердің шығармалары көптеген тілдерге аударылып, драмалық туындылары еліміздің және шетелдердің театрларында сахналанды.
Әкім Тарази, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері:
- Баққожа - қазақтың тұлғалы, үлкен жазушыларыныңы бірі. Өзінің көзі тірісінде де мойындалған болатын. Қазақ оқырмандары оны еш уақытта ұмытпайды деп ойлаймын. Себебі, жазған шығармалары өзі туралы емес, халқы туралы.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ