«Amanat» партиясының Ақмола облыстық филиалының қызметкерлері мен «Жастар рухының» белсенділері апта сайын «Таза бейсенбі» акциясын өткізіп келеді. Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясындағы игі шараға халық қалаулылары мен партия жақтастары да ат салысуда.
Былтыр басталған акция аясында өзен жағалаулары, орман алқаптары, өндірістік аймақтар мен жол бойындағы аумақтар қоқыстан тазартылды. Бүгін Көкшетаудағы орманшы Мәрәм Әлиұлы атындағы саябақтың қоқысын шығарды.
Алмат Нүкенов, «Amanat» партиясы облыстық филиалының бөлім басшысы:
Акция аясында міне, 50 қаптай қоқыс шығарылды. Ескі мұсылман зиратының маңайын тазалаудамыз. Қопа көлінің жағалауын тазаладық. Соның астында қаншама қоқыс шықты. Осындай игі бастама әр өңірде болсын деп тілейміз. Осы акцияға баршаңызды шақырамыз. Қаламызды таза ұстайық!
Қостанай облысында да экоакция жалғасты. Алтынсарин ауданының тұрғындары Жеңіс саябағында 200 түп терек екті. Игі іске жастар мен еріктілер де атсалысты. Олар әр көшеттің түбін түптеп, суарып, саябақ ішін, ескерткіш маңын тазартты.
Бибінұр Әмірханқызы, Мәдина Нағашыбай
