Абай облысында ауыл мектептеріне 13 мыңнан аса кітап сыйға тартылды
Абай облысының 233 ауылына 13 мыңнан аса кітап таратылды. Мұндай игі іске «Артық білім – кітапта» жобасы аясында «ASSYLTAS» қоғамдық қоры мұрындық болған. Әрбір мектепке қазақ және әлем әдебиетіндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалар енген 60 түрлі кітаптан құралған жинақ берілді. Мақсаты – ауыл мектептерінің кітапханаларын мазмұнды әдебиетпен толықтырып, балалардың кітап оқуға деген ықыласын арттыру. Кітаптар Аягөз қаласынан өңір мектептеріне жөнелтілді. Жыл соңында осы жинақтар бойынша оқушылар арасында байқау ұйымдастырылып, үздіктерге бағалы сыйлықтар табысталмақ.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06