Шерзат Полат ісі: Жәбірленушілерден жауап алынып жатыр
Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін жәбірленушілерден жауап алына бастады. Сот барысын түсіріп жатқан әріптесім Қуан Нұрақын тікелей қосылуға дайын.
Қуан Нұрақын, тілші:
Сағат 10:00-ге жоспарланған сот отырысы бүгін тағы да кешігіп басталды. Бұл жолы марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай 20 минутқа кешігіп келді. Сот төрағасы кеше шығарған қаулы бойынша бірінші жәбірленушілерден жауап алды. Алғашқы болып Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадырова көрген-білгенін баяндады. Оның сөзінше, дүкен маңына келгенде бір топ адамның Шерзаттың досы Ахметті жабылып ұрып жатқанын көрген. Қолында пышақ барын байқаған. Ажыратпақ болғанда әжесін Абзал Шынасыл итеріп жіберген. Екі рет мылтық атысына ұқсайтын дауыс естіген. Барлығы 3 көлікке мініп қашып кетті, деді Шерзаттың әжесі. Ал марқұмның анасы Гүлбара Бишембиеваның сөзінше, жолдасы Қаржаубай Нұрымов қоңырау шалып, Шерзаттың біреулермен төбелесіп қалғанын айтқан. Інісі Нұрғанатты оятып, тез келуін сұраған. Дүкен маңына келгенде бір топ адамды көрген. Барлығының қолында пышақ болды, дейді марқұмның анасы. Жарақат алған Шерзат пен Нұрғанатты Қаржаубайдың көлігіне отырғызып, Талғар аудандық ауруханасына өздері апарған. Түске дейінгі сот отырысында марқұм Шерзат Полаттың әжесі мен анасынан жауап алынды. Отырыс бірер минутта қайта жалғасады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16