Шерзат Полаттың ісі: Айыпталушы А.Шынасыл кінәсін мойындамады
Бүгін қоғамда үлкен резонанс тудырған 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты негізгі сот отырысы басталды. Басты сотталушы Абзал Шынасыл сотқа дайын еместігін әрі кінәсін жартылай ғана мойындайтынын айтты. Бас-аяғы 5 сағатқа созылған сот отырысында прокурор айыптау актісімен таныстырды. Осыдан 2 сағат бұрын ғана аяқталған сот отырысы туралы Қуан Нұрақын тарқатсын.
Қуан Нұрақын, тілші:
Таңғы сағат 10-ға жоспарланған сот отырысы 11-ге таяу бір-ақ басталды. Бұған сотталушылардың адвокатының кешігуі себеп болды. Сот отырысына қос тараптың қорғаушылары мен жақындары қатысты. Залда ине шаншыр жер болмады. Бүгін тараптардың талабы бойынша прокурор Дана Сәрсенбай 9 сотталушының айыптау актісін жеке-жеке оқып шықты. Арасында бір сағатқа ғана үзіліс жасаған отырыс кеш батқанша жалғасты. Айыптаушының айтуынша, Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама нәтижесінде марқұмның көп қан жоғалтқаны анықталған. Сондай-ақ сол жақ өкпесінің жоғары бөлігі зақымданған.
Дана Сәрсенбай, прокурор:
Іс бойынша жүргізілген 01.10.2024 жылғы №173 сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмаған Полаттың өлімі сол жақ өкпенің жоғары бөлігіне зақым келтіре отырып, сол жақтағы кеуде қуысына еніп, шаншылып-кесілген жарақаттың нәтижесінде дамыған ауыр қан жоғалтудан болды.
Қуан Нұрақын, тілші:
Бүгінгі сот отырысында белгілі болғаны – сотталушылардың 4-еуі бұрын істі болған. Кәмелетке толмаған жасөспірім Талғар ауданына қарасты Тұрар Рысқұлов ауылындағы мектептің 11-сынып оқушысы. Естеріңізге сала кетейік, Шерзат Полаттың ісі Талдықорған қаласында өтіп жатыр. Сотталушылар мен жәбірленушілердің адвокаттары келесі сот отырысын Алматы облысында өткізуді сұрады. Немесе онлайн қатысуға рұқсат беруін өтінді. Алайда Сот төрағасы Ержан Жанұзақов бұл өтінішті қанағаттандырмады. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Отырыстың соңында сот төрағасы қажет болған жайдайда іс материалдарын қайта зерттеуге, бірінші жәбірленушілерден, екінші куәгерлерден, содан кейін ғана сотталушылардан жауап алу туралы шешім шығарды. Келесі сот отырысы ертең сағат 10-да жалғасады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05