«Таза бейсенбі» акциясы бүгін Шымкент қаласындағы Ақжайық шағын ауданында жалғасты. «Аманат» партиясы мүшелері мен жастар қанаты, тұрғындар және коммуналдық қызметтің жұмысшылары тұрғын үй аулаларын қаулап өскен арам шөптен тазартты. Демалыс және ойын алаңшаларын бояп, ағаш түптерін әктеді. Бұл жолғы шараға 100-ге тарта азамат қатысты. Жыл басынан бері 12 тоннадан астам қоқыс шығарылған.
Ербол Байқоныс, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
Барлық Шымкент қаласы тұрғынын тазалық сақтауға шақырамыз. Экологиялық мәдениет қалыптастыру мақсатында жасалып жатқан дүние. Тек тазалық емес, қаланы таза ұстауға шақыру керек. Шымқаланы жасыл қалаға айналдыру қажет.
Ал Семейде «Amanat» партиясының белсенділері мен жастар Бейбітшілік аралын тазалады. Бұл жер қала тұрғындарының жиі серуендейтін орындарының бірі. Аралда биологиялық орталық, саябақтар мен демалыс нысандары орналасқан. Бірақ санитарлық жағдайы сын көтермейді. Экологиялық шараға қатысқандар аралдағы жол бойын, демалыс орындарының маңын күл-қоқыстан арылтты.
Ғани Қалмаханов, Ержан Жақып
