Түркістанда білім бөлімінің 23 қызметкері сотталды
Түркістан облысының Келес ауданында білім бөлімінің 23 қызметкері сотталды. Бөлім басшысы мен есепшілер екі жыл бойы бюджеттің қаржысын талан-таражға салған. Сөйтіп мемлекетке 812 миллион теңгеден аса залал келтірген. Яғни, білім мекемелерінде жұмыс істемеген адамдардың есебіне ақша аударып, ақша жымқырған. Аудандық сот бөлім басшысы мен жеті есепшіні 7 жылға бас бостандығынан айырды. Тағы бесеуі 280 млн теңгеге жуық материалдық залалды қайтарғаны үшін жеті жылға шартты жаза арқалады. Қалған 10 адамға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17