Енді пойыз 1 сағаттан артық кешіксе, билет бағасы толық қайтарылады
Енді пойыз 1 сағаттан артық кешіксе, билеттегі орын бос болмаса, жол ақысы комиссиясыз толық қайтарылады. Көлік министрлігінің тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар теміржол билеттері пойыз жүргеннен бұрын 10 минутқа дейін ғана сатылады. Бұрын бұл талап 1 тәулік болатын. Балалармен сапарлайтын ата-аналарға да құлақ қағыс: бұдан бұлай 7 жасқа дейінгі балаға билет алу міндетті емес. Ал орын қажет болса, билетті жеңілдікпен алуға болады. 7–15 жас аралығындағы балаларға 50% жеңілдік қарастырылған. Бұдан бөлек, 15-ке толмаған бала сенімхатсыз пойызға отырғызылмайды. Егер заңды өкілі бірге жүрсе, сенімхат талап етілмейді. Өзгерістер 22 сәуірден бастап күшіне енеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17