Жамбылда петроглифтердің қалың шоғыры табылған «Қарасай» тау шатқалы тазартылды. Тарихи мекенді тазалауға археолог мамандар мен Тараз өңірлік университетінің студенттері жұмылды.
Экоеріктілер қоқыс қалдықтарын жинап, жол үстіне құлаған тастарды шығарды. Сондай-ақ жартастағы жазуларды өшіріп, қураған бұталарды шапты. Былтыр осы Қарасай шатқалындағы 500-ден астам петроглиф мемлекет қорғауына алынды.
Сауран Қалиев, облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры:
Петроглифтердің қола дәуірінен бүгінгі күнге дейін жеткен аралығында, вандалистік қасақана нысанға нұқсан келтіру салдарынан бұзылып кету қауіпі бар. Әсіресе осы табиғат аясына тынығуға келген жастарымыз тарихи, мәдени нысанның, петроглифтердің бетіне қасақана есімдерін жазып қалдырумен мұраның сақталуына нұқсан келтіру үстінде.
Ал Павлодар облысының тұрғындары бүгін жаппай сенбілікке шықты. Облыс орталығымен қоса, аудан, ауыл жұрты бір мезетте тазалық акциясына қатысты. Қаланың өзінде мыңдаған адам сенбілікке атсалысып, 150 техниканың күшімен 4 мың тоннадай қоқыс шығарылды.
Данияр Әлімқұл
