Жастар арасында буын аурулары көбейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар арасында буын аурулары көбейіп барады

11.04.2025

Елімізде жастар арасында ревматологиялық аурулар асқынып барады. Дерттің дендеуіне себеп көп дейді дәрігерлер. Оның қатарында тамақтану үрдісі, өмір сүру салты да бар. Қауіптілігі – ерте мүгедектікке апарады. Қазір буын ауруына шалдыққан 1 млн науқас тіркелген. Ревматологиялық аурулар 1 жастағы сәбиден де анықталып жатыр. Алматыда басталған Халықаралық ревматологтар конгресінде мамандар созылмалы сырқатты емдеудің озық әрі заманауи әдістерін сөз етті. Сондай-ақ отандық ревматология саласына жаңа технология тартудың тәсілдерін талқылады. Бүгінде өңірлерде ашылып жатқан ревматологиялық орталықтардың науқастарды диагностикалау мен емдеудегі маңызы зор дейді мамандар. Алдағы 2 жылда мұндай орталықты барлық аймақта ашу жоспарланған.

Ғалымжан Тоғызбаев, Денсаулық сақтау министрлігінің бас ревматологы:

Ол – аутоиммундық аурулар. Мына кеше болған ковидтан кейін сол аурудың саны өршіп жатыр. Қазір жаңадан шығып жатқан дәрі-дәрмектер бар, ауруды тоқтататын әдістер бар, солардың бәрін Қазақстанға енгізіп жатырмыз.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу