Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңажылдық шырша ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңажылдық шырша ұйымдастырылды

26.12.2017

Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңажылдық шырша салтанаты ұйымдастырылды. Игі бастамаға қалалық әкімдіктің әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мұрындық болды. 150-ге жуық бүлдіршін көңілді кеште анимациялық кейіпкерлердің қатысуымен арнайы қойылымды тамашалады. Сондай-ақ, өз өнерлерін ортаға салып, қуанышты сәтті өзара бөлісті. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазір қала бойынша 400 бала тіркелген. Олардың барлығы осы көңілді шыршаға шақыртылған. Алайда, олардың көбі денсаулық жағдайына байланысты келе алмаған.  

Ердәулет Аманбай, қалалық әкімдіктің Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:

- Мұндай мерекелік іс-шараны жылда ұйымдастырамыз. Ол тек қана Жаңа жыл мерекесі емес, Наурыз мерекесінде, қала күнінде және мүгедектер құқығын қорғау күнінде де осындай іс-шаралар ұйымдастырылады.     

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу