Тараздағы Қарахан кесенесінің маңына 50 түп алма ағашын екті
Таразда Қарахан кесенесінің аумағына 50 түп алма ағашы отырғызылды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тарихшылар мен тілшілер де тал егіп, тарихи нысан маңын тазартты.
Сонымен қатар, құлаған ағаштар мен қураған бұталарды шығарып, арық-атызды қалпына келтірді. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығының бастамасымен өткен шарапатты шарадан шетелдіктер де тыс қалмады. Италиядан келген туристер де тал отырғызып, ерекше әсер алып қайтты. Ал ары қарай тазалық науқаны «Жеңіс» саябағында жалғасты. Айта кетейік, биыл аймақтағы экологиялық акцияға 10 мың адам қатысады. Ал еріктілер күшімен 200 мыңға жуық көшет отырғызу жоспарланған.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12