Ақтауда Түркі әлемінің мәдени астанасы жылы аясында іс-шаралар басталды
Ақтауда Түркі әлемінің мәдени астанасы жылының ашылу рәсімі аясындағы іс-шаралар легі басталды.
Соның алғашқысы «Дархан дала» этноқалашығы ашылды. Мұнда облыстағы 5 аудан мен 2 қаланың атынан этноауылдар бой көтерген. Әр ауыл өңірдің өзіндік ерекшелігін, тарихы мен мәдени мұрасын айшықтап көрмелер ұйымдастырды. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсететін шеберлік сабақтары өтуде. Ал «Шеберлер» ауылында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдерден келген қолөнер шеберлерінің ұлттық бұйымдары қойылды. Бүгін одан бөлек шетел өнерпаздарының концерттік бағдарламасы жоспарланған.
Шуле Айдын, Измир Жетілу институның директоры (Түркия):
Ақтаудың Түркі әлемінің астанасы болғанына өте қуаныштымыз. Біз мұнда қолөнер туындыларымызды, кестелерімізді, түрік тоқымаларын әкелдік. Біздің мәдениетіміз ортақ. Мәселен той көйлектеріміз қазақтардың ұлттық киіміне ұқсайды. Бұл шараға Түркияның атынан қатысу біз үшін үлкен мәртебе.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05