Ақтау мен Жамбыл облысында «Таза бейсенбі» шарасы өткізілді
Ақтауда «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында студенттер ағаш көшеттері мен гүл екті. Маңғыстау энергетикалық колледжі аумағында өткен сенбілікке 150-дей студент атсалысты. Жалпы қазір қала жұртшылығы 5-ші сәуір күні өтетін ауқымды шараға дайындық үстінде.
Абзал Марат, «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы:
Осы жыл біздің Ақтау қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болып тағайындалды. Бұл үлкен жауапкершілік. Жерлестерімізге, Маңғыстауға келетін туристерге айтарымыз, қоршаған ортамен бір толқында болып, тазалықты өзімізден бастайық.
Ал жамбылдықтар «Таза бейсенбі» акциясы аясында аудандық маңызы бар автожол бойын тазартты. Игі шараға «Amanat» партиясының облыстық және Байзақ аудандық филиалы қызметкерлері мен 50-ден аса жас қатысты. Белсенділер Қызыл жұлдыз бен Қостөбе ауылын жалғап жатқан жол жиегіндегі құлаған ағаштар мен қураған бұталарды жинап, 6 шақырымдай аумақты күл-қоқыстан тазартты.
Аягөз Оралбайқызы, Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06