Жамбыл облысында 63 сиырды ұрлағандар ұсталды
Тағы да табын сиырды тау асырмақ болды. Жамбыл облысындағы Меркі таулары мал ұрыларының мекеніне айналып барады. Бұл жолы бірнеше барымташы қолға түсті. Олар түн жамылып 63 бас сиырды Қырғызстанға жасырын жолмен айдап бара жатқан. Алайда қырағы шекарашылардан құтылып кете алмады. Бір қызығы, әккі ұрылар күдік туғызбас үшін шекарашылар секілді киініп алған. Әзірге олар сиырларды қайдан алғанын айтпай отыр. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Соңғы кезде мал айдау мақсатында мемлекеттік шекараны заңсыз кесетіндер көбейген.
Айта кетейік, бүгінде аймақ бойынша контрабандамен айналысқан оннан аса күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр.
Талғат Мұхатов, Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі басқармасының өкілі:
Осы аймақта ірі қара малды өзкізу деректері бойынша 800 бас ірі қара малды өткізу дерегінің жолы кесілсе, 2025 жылдың есептік кезеңінде бұл көрсеткіш 300 басқа жетіп отыр.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13