Ұлттық құрылтай жаңа бастамалар мен мүмкіндіктерге жол ашады
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың 4-отырысында іргесі мығым ел құру үшін халық пен биліктің арасындағы байланыс маңызды екенін айтты. Бұл пікірді өңір тұрғындары қуаттап, сенім білдіріп отыр.
Берікбай Елтайұлы, мектеп директоры:
Бірінші халық пен әкімнің арасы жақындайды бір-біріне. Халықтың үні тыңдалатын болады. Одан кейін елдің арасында шыға алмай жүрген, танымал кәсіпкер, қолынан іскелетін азаматтарға жол ашылады мұндайда. Сондықтан бұл өте қолдайтын жағдай.
Нұрбол Қанағат, Жаркент қаласының тұрғыны:
Барлық транспорттық-логистикалық не болмаса дәліздер барлығы шекаралық өңір арқылы өткенімен сол шекаралық өңірдегі ауылдар мен аудандардың дамуы кешеуілдеп жатқанын, басқа жақтағы ауылдармен салыстырғанда кішкене айырмашылық бар екенін атап өткен болатын. Сондықтан осы ұлттық құрылтайда айтқан шекаралық ауылдарды дамыту бойынша заңы осы біздің ауылдарға, аудандарға үлкен бір серпін береді деп ойлаймын.
Батырбек Ахметов, облыстық «Ардагерлер» ұйымының төрағасы:
Батысқа өтетін жолдың арқасында, орталыққа кіріп, соның арқасында халықтың әл-ауқаты көтеріледі. Жол болғаннан кейін адамның бойындағы қан тамыры сияқты дүние ғой, еліміздің әр өңірін байланыстырып тұратын. Қазақы екі ауданның, Амангелді , Жангелді экономикасы осы жолдың арқасында ары қарай батысқа да, орталыққа да, өз продукциясын апаруға да, әкелуге де үлкен мүмкіншілік.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05