Ежелгі түркі музыкасын насихаттауға арналған жыр кеші түбі бір түркі жұртының қара шаңырағында үшінші рет ұйымдастырылды. Алып шаһардың төрінде кіл мықтының басын қосқан шараға 20 жыршылық мектептің өкілдері мен көрші мемлекеттердің өнерпаздары да қатысты. Жыршылар байырғы түркі халқының құнды мұрасын жаңғыртып, болашақта жырбаян ретінде жарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Сондықтан, фестивальде тақырыптық шеберлік дәрістері ұйымдастырылып, жас тәлімгерлерге Қорқыттан басталатын жыршылық дәстүрдің тарихы баяндалмақшы.
Базарбек Атығай, «Ұлы дала елі» халықаралық жыршылар фестивалінің көркемдік жетекшісі:
- Жыл сайын түркі елдерінен көптеген орындаушылар келеді. Жалпы, фестивальдің мақсаты - түркі халқының музыкасын насихаттау, оны кеңінен тарату. «Музыка тілі - достық тілі», дейді. Жалпы, Қазақстан түркі халықтарының ішінде экономикалық әлеуметі алдыңғы деңгейдегі ел.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ