Абай облысында алпыс отбасы баспаналы болды
Абай облысындағы жаңадан құрылған Жаңасемей ауданының Шүлбі кентінде 60 пәтерлі үй қолданысқа берілді. Бұрын қаңырап бос қалған нысан қайта жаңғыртудан өткізілді. Баспана кілттері көпбалалы отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне табыс етілді. Құрылғанына бір жылдан асқан ауданда 100-ден астам отбасы үй кезегінде тұр. Инфрақұрылымды жақсарту бағдарламасына сәйкес аудандағы бірнеше елдімекенде құрылыс қарқынды жүріп жатыр.
Арайлым Аққалақова, Шүлбі кентінің тұрғыны:
Он жылдан артық күттік, бұл қуанышты жаңалықты. Кішкентай ұлым осы үйдің жанынан өткен сайын «Мама мына үйге кірсек қой. Бізге осы үйден берсе ғой» деп армандады. Сол баламның тілегі орындалды. Бүгін кілтті беріп жатыр. Көп-көп рақмет айтамын. Ораза айында, келе жатқан Наурыз мерекемізде біздің отбасымызды қуантып жатыр.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12