Наурызнама: Ұлттық киім – театр сахнасында
Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театры Ұлттық киім күніне орай кішкентай көрермендерге ерекше қойылым ұсынды. «Жыл он екі ай» ертегісінің желісімен сахналанған «Наурыз құпиясы» спектаклінде қазақтың ұлттық киімдеріне басымдық берілген. Жыл басы болуға таласқан кейіпкерлер сахнаға жағалы шапан, ішік, бөрік, жадағай шапан мен сәукеле киіп шықты. Қойылымда танымал ертегінің желісі аздап өзгертілген.
Спектакльде күн мен түн теңелген жыл басы - Наурыз мерекесі Қыдыр атаның берекелі батасымен басталады. Ұлттық салт-дәстүр, ырымдар да қойылымда сәтті үйлестірілген. Мерекеге орай театрдың ұлттық киімдегі қуыршақтарының көрмесі де ұйымдастырылды.
Шоқан Құлназаров, «Наурыз құпиясы» қойылымының режиссері, актер:
Қойылым балаларға бұл өте қатты ұнап жатыр. Көрермен қуанып, көп нәрсені түсініп шыққандары көрініп тұрады. Өйткені келіп алғысын айтып, барыс деген мынандай шапшаң екен ғой. Қой деген өте өнерлі, талантты, секеңдеп жүргенімен пайдасы көп екен ғой деген сияқты.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05