Бүгін - Амал мерекесі. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады.
«Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі. Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін. Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін! Айдан аман, жылдан есен болайық!» – деп жазды Президент құттықтауында.
Динара Жарқынбек
