Басты Жаңалықтар Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті

Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті

Қарағанды қаласында Ғылым күніне арналған халықаралық әлеуметтік-саяси конференция өтті. Ресей, Қытай елдерімен қатар еліміздің түкпір-түкпірінен ғалымдар онлайн қатысып, жас зерттеушілердің ой-пікірлерін тыңдады. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті қабырғасында өткен жиында жас ғалымдар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді жан-жақты талдап, оларды шешу жолдарын ұсынды. Атап айтқанда, құмар ойынға тәуелділік, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, микрокредитке тәуелділік сынды қоғамдағы түйткілді мәселелер көтерілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай конференциялар жастардың ғылым жолындағы алғашқы қадамдарын нығайтып, олардың әлеуметтік-саяси көзқарасының қалыптасуына оң ықпал етеді.
Айгүл Бейсенова, Е.А.Бөкетов Атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры:

Әлеуметтану, саясаттану пәндерін міндетті түрде оқып жатқаннан кейін сабақ барысында мәселелер көтеріледі. Олар одан кейін республика деңгейіндегі ғылыми жоба қорытындысы ретінде ұсынылады. Олар әлеуметтану зерттеу өткізеді. Магистірлік, докторлық дисертация қорғайды. Осы материалдарды қолданып, ары қарай жылжытады.

Бөлісу